07 тамыз 2015 12:32

Ұлттық банк "Дала қазынасы" және "Қазақстанның қалалары" сериясынан монеталар шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ұлттық банк © Ұлттық банк

ҚР Ұлттық банкі үш мерейтойлық және төрт ескерткіш монетасын айналымға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Ұлттық банкі үш мерейтойлық және төрт ескерткіш монетасын айналымға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ескерткіш монеталар нейзильбер қоспасынан жасалған:  "Дала қазынасы" монеталар сериясынан "Тайқазан", "Ғарыш" монеталар сериясынан "Буран", "Қазақстанның қалалары" монеталар сериясынан "Қызылорда" және "Орал", монеталардың номиналдық құны - 50 теңге.

Мерейтойлық монеталар сериясынан шыққандар: "Қазақстан Конституциясына 20 жыл", "2015 - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы", бұлардың номиналдық құны - 50 теңге және мерейтойлық күміс монеталар - "2015 - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы", номиналдық құны - 500 теңге.

 

Монеталардың барлығының дизайны ұлттық валютадағы монеттер мен банкноттардың тұжырымдамасына сәйкес жасалды. Нейзильбер қоспасынан жасалған "Тайқазан", "Буран" ескерткіш монеталарының және "Қазақстан Конституциясына 20 жыл", "2015 - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы" ескерткіш монеталарының алты мың данасы жақсартылған сапамен дайындалды және арнайы пластикалық термовакуумды ораумен сатуға арнап шығарылды. Ал "Қызылорда" мен "Орал" монеталары бір мың данамен шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети