28 қараша 2017 11:19

Ұлттық банк гауһартасы бар "Домбыра" монетасын шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ұлттық банктің баспасөз қызметі © Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 29 қарашада номиналы 500 теңгелік proof сапасымен "Дала қазынасы" монеталар сериясынан "Домбыра" ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 29 қарашада номиналы 500 теңгелік proof сапасымен "Дала қазынасы" монеталар сериясынан "Домбыра" ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, монеталар 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы - 31,1 грамм, диаметрі 1 миллиметр
болатын бір гауһартас орнатылған, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы - proof, ең көп таралымы - 3 мың дана. Сондай-ақ, монетаға гауһартас орнатылған, монеталарды алтындату технологиясы қолданылған

"Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында ұлттық музыкалық аспап - домбыра бейнеленген. Оң жағында монетаның номиналын білдіретін "500 теңге"деген жазба және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін "Ag 925 31,1g" деген жазба орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазба бар.

Proof сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Номиналы 500 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

"Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, сондай-ақ
"Монеталардың Интернет-дүкені" www.nationalbank.kz ҚРҰБ сайтының интернет – дүкені арқылы
сатып алуға болады", - деп хабарлады бакнтің баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети