06 қаңтар 2017 17:10

Ұлттық Банк "Қазинвестбанк" АҚ салымшыларының депозиттеріне кепілдікпен өтемақы төлеу тәртібін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық Банк "Қазинвестбанк" АҚ салымшыларының депозиттеріне кепілдікпен өтемақы төлеудің тәртібін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық Банк "Қазинвестбанк" АҚ салымшыларының депозиттеріне кепілдікпен өтемақы төлеудің тәртібін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, теңгемен және шетел валютасымен салынған депозиттер, төлем карточкаларындағы және банк шоттарындағы ақша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кепілдігімен қорғалған.

"Кепілдіктің ең жоғарғы шегі теңгемен депозиттер бойынша 10 миллион теңгеге дейін; шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 миллион теңгеге дейін. Кепілдік берілген сома шегіндегі міндеттемелер бойынша банктің барлық салымшылары мен клиенттері заңнамада белгіленген мерзімде өтемақы алады: ҚДКҚ соттың тиісті шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде төлей бастайтыны туралы хабарлайды. Банктің салымшылары мен клиенттері ҚДКҚ салымшылармен есеп айырысу үшін агент етіп тағайындаған өз қаласындағы банк бөлімшесіне жүгіне алады, өтініш беріп, 5 жұмыс күні ішінде өтемақы алады", - деді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы Бақыт Қоғылов. Сондай-ақ, ол барлық төлемдердің соттың шешімі заңды күшіне енген күнгі бағам бойынша теңгемен төленетінін айтып өтті.

Бақыт Қоғыловтың айтуынша, ҚДКҚ-да банктің өтемақы алуға құқылы 8 292 салымшысы мен клиентінің (жеке тұлғалардың) 99,7 пайызы өтемақыны толық көлемде, қалған салымшыларының кепілдік берілген сома шегінде алатынын атап өтті.

"ҚДКҚ-ның төлем жасау жөніндегі міндеттемелері 768 миллион теңгені құрайды. Жеке тұлғалар алдындағы кепілдік берілген сомадан асатын міндеттемелер және есептелген сыйақы бойынша тарату өндірісі барысында тарату комиссиясы есеп айырысады - бұл міндеттемелер 4-кезекке жатқызылатын болады. Соңғы деректер бойынша, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының салымшылармен есеп айырысуға арналған қаражаты 500 млрд. теңгені құрайды", - деп нақтылады Қоғылов.

Айта кетейік, "Қазинвестбанк" АҚ-тың салымшылары депозиттерге кепілдік беру мәселелері бойынша қосымша ақпаратпен, жаңартылған редакциядағы заңнамамен www.kdif.kz.сайтынан таныса алады. Мамандардың консультациясы "жедел желідегі" 8 8000 80 10 20 нөмірі бойынша (қоңырау шалу тегін) немесе +7 (727) 291 5689 телефонымен беріледі. Барлық мәселелер бойынша "Қазинвестбанк" АҚ-тың "жедел желідегі" +7 (727) 2619 060 (ішкі 5007) телефоны бойынша, Ұлттық Банктің Банктерді қадағалау департаментіндегі +7 (727) 270 48 93 телефоны бойынша, ҚР Ұлттық Банкі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7 (727) 278 80 84 телефоны бойынша немесе «ҚҰБOnline» мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.

Сонымен бірге салымшылар ҚРҰБ-ның Алматы қаласы,  Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгіне алады. Анықтама үшін телефон+7(727) 261 9213. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс істейтін уақыты: күн сайын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (сағат 12:30 -14:30 үзіліс). Алдын ала жазылу талап етілмейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети