Ұлттық банк коллекциялық монеталардың жаңа түрін шығарды

27 Қараша 2019, 10:50
0
Ұлттық банк коллекциялық монеталардың жаңа түрін шығарды -

Қазақстан Ұлттық банкі 2019 жылғы 27 қарашада номиналы 500 теңгелік күмістен "Дала қазынасы" монеталар сериясынан Quraq kórpe коллекциялық монеталарын және номиналдары 200 және 100 теңгелік мельхиор қоспасынан "Қазақстанның флорасы мен фаунасы" монеталар сериясынан Kόbelek. Lasiommata maera коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Әйгілі қазақ көрпесінің тарихы ежелден бастау алады: әуелі көрпешені сәбидің үстіне жабады, одан соң ол түрлі түсті көрпенің үстінен жүгіреді. Ал тағы біреулер бұл көрпені қалыңдықтың жасауына дайындайды. Уақыт өзгереді, бәрімізге таныс әженің көрпесін қолдану да өзгереді. Алуан түрлі ою-өрнектер, кемпірқосақтың барлық түсі - осының бәрі қазақ көрпесі, қолдан жасалған құрақ көрпе", - деп жазады Ұлттық банк баспасөз қызметі Quraq kórpe монеталарының сипаттамасы туралы. 

Номиналы 200 теңгелік "Kόbelek. Lasiommata maera" монеталарының сипаттамасында былай делінген: "Мера барқыты" көбелегі Қазақстанның тауларында кездеседі, Кіші, Орта және Орталық Азияда, сондай-ақ солтүстік Африкада, Еуропада және Батыс Сібірде кеңінен таралған. Латын тіліндегі түр атауы ежелгі грек мифологиясынан алынған және Атланттың қызы - Мерамен байланысты". 

Номиналы 500 теңгелік, 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Коллекциялық монеталарды Ұлттық банкінің барлық аумақтық филиалдарында, сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтындағы Интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай