05 сәуір 2019 17:00

Ұлттық банк өкілдері Қазақстанның сыртқы қарызын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

2018 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстанның сыртқы қарызы 2,5 миллиард долларға қысқарып, 47,2 миллиард доллар болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2018 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстанның сыртқы қарызы 2,5 миллиард долларға қысқарып, 47,2 миллиард доллар болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанның таза сыртқы борышы 2018 жылғы 4-тоқсанда 560,5 миллион долларға азайып, 47,2 миллиард доллар болды. Бұл ретте мемлекеттік сектор және "Банктер" қалған әлемге қатысты таза кредиторлар болып, ал "Басқа секторлар" таза қарыз алушылар. 

(...) "Басқа секторлардың" үлестес емес кредиторлар алдындағы сыртқы борышы 1,6 миллиард долларға азайды, ол, негізінен, қарыздарды өтеу есебінен, оның ішінде ERG тобы кәсіпорындарының міндеттемелерін қайта қаржыландыру (963 миллион долларға азаю), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-тың "Сбербанк России" ПАО алдындағы (371 миллион доллар) және "Қазтеміртранс" АҚ-тың ЕҚДБ алдындағы қарыздарын өтеу есебінен болып отыр", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Банктегілердің мәліметінше, сыртқы борыштың 63,6 пайызын бұрынғысынша фирмааралық берешек, 25 пайызын байланысты емес кредиторлар алдындағы "Басқа секторлардың" сыртқы борышы, 7,8 пайызын мемлекеттік сыртқы борыш (Үкімет пен Ұлттық Банк), 3,6 пайызын "Банктер" секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ) алып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети