13 қаңтар 2017 20:34

Ұлттық банк зейнетақы қорынан зейнетке шықпай тұрып қаржы алу мүмкіндігін талқылап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық банкі зейнетақы қорынан зейнетке шықпай тұрып қаржы алу туралы мәселені тағы көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Ұлттық банкі зейнетақы қорынан зейнетке шықпай тұрып қаржы алу туралы мәселені тағы көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір осы мәселе қарастырылып жатыр (зейнетақы қорынан қаржы алу - ред.), соның ішінде Ұлттық банк төрағасы да осы туралы сөз қозғады. Әзірше тек талқыланып жатыр, өйткені әлемдік тәжірибе бар. Егер заң жүзінде рұқсат етілсе - ол алғашқы қажеттіліктерге бағытталады. Бүгінде адамның үш негізгі мақсаты қарастырылып жатыр. Оның үстіне жинақ өмір бойына зейнетақы төлеуге жеткеннен кейін жиналған сома туралы сөз болып отыр", - деді "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы Нұрбибі Наурызбаева.

Қазақстандықтар мұндай мүмкіндікке зейнетақы туралы заңды өзгерткеннен кейін ғана қол жеткізе алатынын және бұл тек талқыланып жатқанын қайталап айтты Наурызбаева. 

2016 жылдың маусым айында Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев қазақстандықтарға зейнетке шыққанға дейін БЖЗҚ-дағы жинақтарын өз мақсаттарына пайдалану мүмкіндігі туралы айтқан. Кейін Ұлттық банк керекті есептер жүргізіп жатқанын хабарлаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети