Ұлттық валюта әлсірей бастады

16 Наурыз 2016, 11:25
0
Ұлттық валюта әлсірей бастады - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

KASE қор биржасының таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 344,77-ге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 наурыздағы таңғы сессия кезінде ең төменгі келісім 343,5 теңгемен жасалса, жоғарысы 345,37 теңгеге дейін жетті. Сессия кезінде сауда көлемі 66,9 миллион доллардан асты. Саудада 137 келісім жасалды. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары шетел валютасын 342-346,5 теңге аралығында саудалап жатыр.

Бұған дейін Үміт Шаяхметов теңгенің қазіргі бағамы нарықтағы тенденциялардың көрінісі екенін айтқан болатын. Банкир ҚР Ұлттық банкінің ақпан айында өткізген интервенцияларын дұрыс шешім деп есептейтінін де жеткізді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай