21 шілде 2016 11:28

Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 342 теңгеге дейін әлсіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

KASE қор биржасының таңғы сессиясында ұлттық валюта долларға қатынасында 342,56 теңге көрсеткішінде тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


KASE қор биржасының таңғы сессиясында ұлттық валюта долларға қатынасында 342,56 теңге көрсеткішінде тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

21 шілдедегі таңғы сессиядағы ең төменгі баға 340,40 теңге болса, жоғарысы 344 теңгеге дейін жетті. Ал сауда көлемі 40,8 миллион доллар болды. Астана уақыты бойынша сағат 10.45-те ICE биржасының мәліметінше, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 1,45 пайызға, яғни 47,35 долларға тең болды. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 341-344 теңге аралығында сатып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13 пайызға төмендеткен болатын. Банк өкілдерінің айтуынша, ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты, валюталық тәуекелдерге қатысты жағымсыз күтулер төмендеп жатыр екен. Ұлттық банктің бағалауынша, теңге бағамы іргелі сыртқы және ішкі факторлардың үйлесуін көрсетіп отыр, бұл туралы оның соңғы айлар ішінде шамалы өзгеруі және Ұлттық банктің ішкі валюта нарығына қатысу деңгейі растап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети