06 тамыз 2015 | 14:26

Заңды жасаушылар жұмыс беруші төлейтін 5 пайыздық зейнетақы жарналары туралы түсіндіріп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. © Тengrinews.kz Иллюстрация. © Тengrinews.kz

Заңды жасаушылар жұмыс берушінің аударуы тиіс 5 пайыздық зейнетақы жарнасына қатысты нормаларын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгін Астанада денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова Елбасы қол қойған зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңын түсіндіріп берді.


Иконка комментария блок соц сети

Заңды жасаушылар жұмыс берушінің аударуы тиіс 5 пайыздық зейнетақы жарнасына қатысты нормаларын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгін Астанада денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова Елбасы қол қойған зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңын түсіндіріп берді.

Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша негізгі үш өзгеріс қарастырылып отыр. Солардың бірі - жұмыс берушінің қосымша 5 пайыздық міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) белгілеуі және соның есебінен зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышын енгізуі.

Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен 5 пайыздық міндетті зейнетақы жарналарын аударған қызметкерлер шартты-жинақтаушы құрамдауыштың қатысушылары болып есептеледі. Бұл жарналар азаматтардың меншігі болып саналмайды және әрбір қызметкердің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған шартты зейнетақы шотында тіркелетін болады.

"10 пайыздық міндетті зейнетақы жарналары азаматтарға дәл сол қалпында төленетін болады. Оның мұраға қалдырылатыны анық. Ал 5 пайыздық аударым мұраға қалдырылмайды. Оларды жұмыс беруші аударатындықтан, жұмыскердің меншігі болып есептелмейді. Аталмыш сома ЖМЗЖ активінде болады және зейнеткерлер арасында қайта үлестіріледі. (...) Қайтыс болғандар, зейнеткерлік жасқа жетпегендер делік, олардың зейнетақы жинақтары құқықтары бар болашақ зейнеткер арасында бөлініске түседі. Ал ол құқыққа 60 айдан кем емес уақыт бойы жүйеге қатысып, аударым жасағандар ғана ие болады , - деп түсіндірді Жақыпова.

Вице-министрдің айтуына қарағанда, 5 пайыздық зейнетақы жарнасы Қазақстанда 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап төленеді.

Бұған дейін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты және зейнеткерлік жасқа (58-63/63) жеткен кезде ғана тағайындалатын хабарлаған болатын. ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық атына шартты зейнетақы шоты ашылып, кемінде 60 айға жарналар аударылған, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, сондай-ақ мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген I және II топтардағы мүгедектерге беріледі.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети