Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Зейнетақы жүйесі: БЖЗҚ-да "минустағы шоттардың" бар екені жоққа шығарылды

17 Маусым 2015, 17:42
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы қорларды біріктіру кезінде "минустағы шоттардың" болғанын жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Сенаттың зейнетақы жүйесі туралы отырысында БЖЗҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін мәжілісмен "минустағы шоттардың" болғаны туралы айтқан, оның ойынша шоттар зейнетақы қорларын біріктіру кезінде минусқа түскен. Ол кезде депутат Тінікеев былай деді: "Біз зейнетақы активтерінің барлығын зейнетақы қорына жинадық. Көпшілігімізге хабарлама келді және шотта 90, 70 мың (теңге) жоқ. Бұл неге олай болады? Мен мұндай ақшаны сұмдық сома деп есептейтіндерді қоспай айтып тұрмын".

Бүгін Сенат қабырғасында депутат Владимир Редкокашин де БЖЗҚ-ны құру кезінде қаржының жоғалуына қатысты сұрақ қойды. "Біріктіру кезінде ешқандай жоғалту болған жоқ. Жеке зейнетақы қорындағы шотта әрбір салымшының біріктіру болған күні қанша сомасы болса, сол сома тиынына дейін сол қалпында БЖЗҚ-ға ауыстырылды. Бұған БЖЗҚ-дан шоттың жағдайы туралы көшірмені алу арқылы көз жеткізуге болады, онда жеке жинақтаушы қордан аударылған сома көрсетіледі. Тағы бір айта кететін жайт, есеп Ұлттық банкте де параллель түрде жүргізілді және ол есеп үтірден кейінгі жеті санға дейін көрсетіп, нақты есебін шығарып отырды", - деді басқарма төрағасы Руслан Ерденаев.

Қаражаттың тиынына дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстырылғанын Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева растады. "Бір тарап ол қаражатты аударған жинақтаушы қор болды, ал екіншісі оны қабылдап алған БЖЗҚ, сонымен қатар ненің қайда аударылып жатқанын ЗТМО көріп отырды және бір тарап - ол Ұлттық банк. Бұл жерде зейнетақы активтерінің қайда бөлінгені туралы барлық қаржы құралы ескеріледі. Егер ол сәйкес келмесе, онда бұл сома да сәйкес болмайтын еді. Онда ол үлкен мәселе тудырады. Біз мұны мұқият бақыладық. Қаржы аударылған кезде төрт жақты салыстырып тексеру жүргізілді", - деп түсіндірді Ғалиева.

Ерденаевтың жасаған баяндамасындағы мәлімет бойынша, жеке зейнетақы қорларынан 3 миллиард теңге мен 6,5 миллионнан аса зейнетақы келісімшарты аударылған. Зейнетақы активтерінің негізгі сомасы ұлттық валютамен аударылған, ол 88,64 пайыздан асады және 10 пайызы АҚШ долларымен көрсетілген. Міндетті зейнетақы жарнасы бойынша барлығы 9 380 149 шот ашылған. Ал міндетті кәсіби зейнетақы жарнасы бойынша 350 мың келісімшарт жасалған, ал ерікті зейнетақы жарнасы аса дамымаған, олардың саны бар болғаны 39 мыңнан асады. Жеке зейнетақы шоттарының саны - 9 миллион 745 мың.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай