74 мың шешенстандық Украинада тәртіп орнату туралы бұйрықты күтіп отыр - Рамзан Қадыров

02 Маусым 2014, 09:46
0
74 мың шешенстандық Украинада тәртіп орнату туралы бұйрықты күтіп отыр - Рамзан Қадыров - Рамзан Қадыров. Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынған
Рамзан Қадыров. Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынған

"Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров "Рен ТВ" телеарнасының "Неделя" бағдарламасына берген сұхбатында "тиісті бұйрық болған жағдайда 74 шешендік Украинаға тәртіп орнату үшін баруға дайын отыр" деп мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мен сізге ресми түрде айтамын: мен ол жаққа бірде-бір шешенді жібергем жоқ. Егер бұйрық болса, онда 74 мың шешендік Украинаға тәртіп орнату үшін баруға дайын отыр" деді Рамзан Қадыров.

Донецкі облысындағы шешендер туралы сұраққа, Рамзан Қадыров, расымен де Украинаның шығысында Шешенстаннан барған14 шешен ерікті жасағы болғанын айтты. Сондай-ақ ол баруға құлшыныс танытып отырғандардың өте көп екенін және оларды әзер ұстап отырғанын атап өтті. "Егер біз оларды ұстап отырмасақ, онда Украинада 14 емес 400, тіпті 4000 жасақ болуы мүмкін еді, өйткені еріктілер өте көп" деді ол.

Сонымен қоса Рамзан Қадыров "LifeNews" журналистерін тұтқыннан азат ету үшін құн төледі" деген қауесетті де жоққа шығарды. Шешенстан басшысы Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчиновтың журналистерді босатқысы келмегенін айтты. Алайда ол келіссөздердің жай-жапсарын ашып айтпады.

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай