05 маусым 2014 10:07

Ангела Меркель Ресейге енгізілетін жаңа санкциялардың шарттарын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германия канцлері Ангела Меркель G7 елдері басшыларының Ресеймен Украинадағы жағдайды тұрақтандыру бойынша қандай қадамдар жасау жайын талқыламақ екенін, бірақ жағдай жақсармаса, онда экономикалық санкциялар енгізуді қарастыратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

"Біз Украинаға қолдау көрсетеміз және мынадай оң қадам жасау бойынша Ресеймен келіссөздер жүргіземіз. Егер жағдай оңалмаса, онда экономикалық санкциялар енгізудің үшінші кезеңін бастау жайын қарастырамыз. Бұл жағдай келісілді", - деді Меркель

Ангела Меркельдің сөзіне қарағанда, Нормандияда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге қатысушылар Путинді Украинаның жаңа президенті Петр Порошенкомен елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырмақ. Одан өзге G7 елдері Ресейді басқа да қадамдар жасауға үндейді. "Сонымен қоса, Путин орыс-украин шекарасынан өтіп жатқан сепаратисттер мен қару-жарақ легін тоқтатуға атсалысуы керек", - деп мәлімдеді Ангела Меркель.

Сондай-ақ, Ангела Меркель "үшінші кезектегі" санкциялардың автоматты түрде енгізіле салмайтынын атап өтті. "Аталмыш жағдай 27 маусымда болатын ЕО саммитінде қосымша қаралатын болады", - деді ол.

G7 саммиті 4 маусымда Бельгия астанасында бастау алды. Жиын Ресей президентінің қатысуынсыз өтіп жатыр. Бұған дейін саммит G8 форматында Сочиде өтетін болып жоспарланған еді. Алайда, Қырымдағы референдумнан кейін "жетілік" елдерінің басшылары бұл жиынға қатысудан бас тартқан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети