Эдвард Сноуден Ресейдегі уақытша тұрақ мерзімін ұзартуға құжаттарын өткізді

09 Шілде 2014, 20:03
0

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден 31 шілдеде аяқталатын Ресейдегі уақытша тұрақ мерзімін ұзартуға құжаттарын өткізіп қойды, - деп хабарлайды РИА Новости оның қорғаушысы Анатолий Кучеренге сілтеме жасап.

"Біз уақытша тұрақ алу тәртібінен өттік. Ол үстіміздегі жылдың 31 шілдесінде аяқталады. Сондықтан да біз Ресей аймағында уақытша тұрақтау мерзімін ұзартуға құжаттарды өткіздік. Қазірше біз ол құжаттарды қандай мәртебе бойынша алатынымызды айтпаймыз, себебі бұл мәселеге қатысты соңғы шешімді Федералды (көші-қон полициясы) қызметкерлер қабылдайды", - дейді Сноуденнің қорғаушысы. Дегенмен қорғаушы "Эдвард Сноуден Ресей азаматтығын алуға ниетті ме?", - деген сауалға жауап бермеді. 

Еске салайық, Эдвард Сноуден 2013 жылдың маусым айында дауға ұшыраған. Ол кезде Сноуден америкалық Ұлттық қауіпсіздік агенттігі күн сайын дүниежүзі бойынша 5 млрд адамның ұялы телефон қоңырауынан ақпарат жинайтынын Washington Post және Guardian газеттерінде жариялап жіберген болатын. Кейіннен ол Гонконгке ұшып кеткен, ал 23 шілдеде Ресейге келіп, Мәскеудің "Шереметьево" әуежайында бөгеліп қалған.

1 тамызда Ресей оған бір жыл тұрақтауға рұқсат берген. Айта кетейік, АҚШ Сноуденді құпия мәліметтерді заңсыз таратты деп айыптауда. Ұлттық қауіпсіздік агенттігің бұрынғы қызметкеріне әр пункті бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қауіпі төніп тұр. 

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай