EXPO ісі фигуранттарының адвокаттары Келімбетов пен Досаевты сотқа шақыру туралы қайта ұсыныс жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

EXPO ісі фигуранттарының адвокаттары Келімбетов пен Досаевты сотқа шақыру туралы қайта ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада Талғат Ермегияев пен "EXPO" ісі бойынша басқа да фигуранттардың ісіне қатысты қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық соттың үкіміне қатысты қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы апелляциялық шағымдар мен прокурордың наразылығына қатысты өтініштерді қарастырды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

EXPO ісі фигуранттарының адвокаттары Келімбетов пен Досаевты сотқа шақыру туралы қайта ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада Талғат Ермегияев пен "EXPO" ісі бойынша басқа да фигуранттардың ісіне қатысты қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық соттың үкіміне қатысты қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы апелляциялық шағымдар мен прокурордың наразылығына қатысты өтініштерді қарастырды.

Бүгін сотталушылардың адвокаттары сот отырысына қосымша куәгерлер ретінде ҚР Ұлттық банктің экс-басшысы Қайрат Келімбетов пен бұрынғы ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевты қайта шақыруға өтініш білдірді.

"Тіркеу құжаттамасын жүргізуге негізсіз бөлінген қаражаттың мән-жайын толық зерттеу үшін бұл істі екі кезеңге бөлу керек: испаниялық компанияның қызметтерін қолдану мен оларды осы іске араластыру және Хуан Корерас басшылық етіп отырған командадағы халықаралық деңгейдегі кеңесшілердің қызметін қолдану. Қорғалушының тарапынан куәгерлер ретінде Келімбетов мырзаны, Досаев мырзаны және Жошыбаев мырзаны сот отырысына шақыру туралы қайта ұсыныс жасалды. Бірақ бұл өтініш ешбір негізсіз қабылданбады", - деді сотталушы Валерийдің адвокаты Ботагөз Бейсембаева.

Айта кетейік, EXPO ісіне қатысты сот отырысында осы адвокат Келімбетов пен Досаевтың сотқа қайта келуіне өтініш білдірген болатын.

"Біздің ойымызша, олардың берген түсініктемелері істің мән-жайын анықтауға үлкен көмегін тигізеді. Себебі, Келімбетов мырза премьер-министрдің орынбасары болып, көрмені дайындаудағы ұйымдастыру комитетін басқарды. Келімбетов отырыстарда шешілген мәселелерді басқарып, бақылап отырды", - деді адвокат Ботагөз Бейсембаева.

"Досаев мырза Ұлттық экономика мен бюджеттік жоспарлауды басқарды, қазір ол Ұлттық экономика министрлігі деп аталады. Ол көрмені өткізуге арналған дайындықтардағы бағдарламаларды, дайындық жұмыстары мен қызмет көрсетудегі қаржы мәселесіне жауапты болды. Досаев мырза ғана бюджетті жоспарлау мәселесіне қатысты түсінік бере алады. Мен айтып кеткендей, осы себеп негізгі айыптардың бірі болып саналады, яғни тіркеу құжаттамасын жүргізуге бюджеттен негізсіз ақша бөлінген", - деді адвокат.

Айта кетейік, апелляциялық сот алқасының мүшелері адвокат Бейсембаева Ботагөздің өтінішін қанағаттандырмады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer