22 мамыр 2014 10:07

Жемқорлық желісін тексеруде Путиннің аты аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Путин. Сурет tengrinews.kz мұрағатынан алынған Владимир Путин. Сурет tengrinews.kz мұрағатынан алынған

"Рейтер агенттігі жемқорлық желісін тексеруді жария етті, онда Ресей президенті Владимир Путиннің аты аталған" деп мәлімдейді "Эхо Москвы" радиостансасы. Мақалада қымбат медициналық қондырғылар сатып алудан түскен пайданың тағдыры туралы жазылған" деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Рейтер агенттігі жемқорлық желісін тексеруді жария етті, онда Ресей президенті Владимир Путиннің аты аталған" деп мәлімдейді "Эхо Москвы" радиостансасы. Мақалада қымбат медициналық қондырғылар сатып алудан түскен пайданың тағдыры туралы жазылған" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әңгіме "Деле о томографах" - медициналық техникаларды жоғарылатылған бағамен сатып алу төңірегінде болып отыр. Бұған дейін осы алаяқтыққа қатысы болған бірқатар ресейлік шенділер сотталған болатын. Десе де, агенттіктің анықтауы бойынша, бұл жерден 200 миллион доллар пайда көрген екі адам жазадан сытылып кеткен. Мақалада сол адамдардың аттары көрсетілген, олар - "Россия" банкінің ортақ қожайындары Дмитрий Горелов пен Николай Шамалов.

Рейтер агенттігінің мәліметінше, жоғарыда аты аталған тұлғалар Швейцария банкіне 80 миллион доллар ақша аударған. Бұл қаржының бір бөлігі БАҚ "Путин Сарайы" деп атап жүрген оңаша үйдің құрылысына жұмсалған көрінеді.

Рейтер медициналық техникалар сатып алу бағдарламасына 2005 жылы Путиннің қол қойғанына назар аударып отыр. Арадан бірнеше жыл өткенде Тергеу комитеті медициналық қондырғылардың жоғарылатылған бағамен сатып алынғанын анықтаған. Сол кезде президент тағында отырған Дмитрий Медведев мұндай сатып алуды "өте ұятсыздықпен, көргенсіздікпен мемлекет қаржысын тонау" деп атаған болатын.

Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жемқорлық айыптауға қатысты қазірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Сәуір айында британдық The Times газеті "Швейцария банкінде Путиннің 40 миллиард доллары бар" деп жазған еді. Сонымен бірге, дерек көзі президенттің жеке байлығы ресейлік энергетикалық компаниялардағы аса ірі көлемдегі акциялар пакеті екенін жазған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети