17 маусым 2014 09:45

Қадыров Украина СІМ басшысына аяққа жығылып кешірім сұрауға кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рамзан Қадыров. Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған Рамзан Қадыров. Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған

"Шешен елінің басшысы Рамзан Қадыров өзінің Instagram парақшасында Украина СІМ басшысы Андрей Дешицаның Ресей президенті Владимир Путиннің атына айтқан бейәдеп сөздеріне қатысты түсініктеме жазған" деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Шешен елінің басшысы Рамзан Қадыров өзінің Instagram парақшасында Украина СІМ басшысы Андрей Дешицаның Ресей президенті Владимир Путиннің атына айтқан бейәдеп сөздеріне қатысты түсініктеме жазған" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"14 маусым күні Украина СІМ басшысымағы Андрей Дешица бір топ Ресей елшілігін қиратушылармен бірге Ресей президенті Владимир Путиннің атына қорлайтын сөздер айтып, тіл тигізді. Алайда ол мұндай қылығы үшін қызметінен кеткен жоқ" деп жазады Қадыров.

Қадыровтың сөзіне қарағанда, мұндай бейәдеп сөздерді тіпті соғысып жатқан елдердің шенді қызметкерлері де айтпауы тиіс. "Менің ойымша енді ол елдің билігі өзінің көргенсіздігі үшін әр күнін көпшілік алдында кешірім сұраудан бастауы керек" дейді Қадыров.

Сонымен қоса ол Украина СІМ басшысы өзінің осы әрекетімен бүкіл Ресей халқын қорлағанын, оның бұл іс үшін жауап беруіне тура келетінін жеткізді. "Украина СІМ басшысының аяққа жығылып кешірім сұрауға пайымы жетпесе, оған ол жайлы түсіндіретін кісі табылады. Дещица кешірім сұрап қана қоймай, қызметінен кетуі керек. Оған басқа жол жоқ. Бұған сенімді болыңыздар" дейді Қадыров.

Естеріңізге сала кетсек, 15 маусымға қараған түні Украина СІМ басшысы Киевтегі "Правый сектор" өкілдері қиратқан Ресей елшілігінің қоршауына келіп, украиналық фанаттармен қосылып Владимир Путин туралы бейәдеп ән айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети