07 қаңтар 2016 13:42

Қазақстандықтар әуе рейсінің кешігуінен екі күнге Санкт-Петербургте қалып қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар әуе рейсінің кешігуінен екі күнге Санкт-Петербургте қалып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар әуе рейсінің кешігуінен екі күнге Санкт-Петербургте қалып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания өкілдерінің мәліметінше, ұшақ Пулково әуежайынан 2016 жылдың 6 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша сағат 12.40-та (Астана уақыты бойынша сағат 15.40-та) ұшуы керек болған.

"Кеше КС 136 рейсі кешіктірілді. Бүгін ұшақ Мәскеу уақыты бойынша түн жарымында ұшады", - деді "Эйр Астана" компаниясының Корпоративті коммуникациялар департаментінің қызметкері Дина Қасымова.

Ол ұшақ бортында 140 жолаушының болғанын айтты. Қазір 86 адам Санкт-Петербургте қонақүйге орналастырылды, ал қалғаны Алматыға Мәскеу арқылы ұшып кетіпті.

"Әуе компаниясына хабарласқан жолаушыларға қонақүйден орын, сусын және тағамдар берілді. Түскі аспен де қамтамасыз етілді. Қазір олар қонақүйде. Ұшқанға дейін сонда болады. Жолаушылардың бір бөлігін кеше Мәскеу арқылы Алматыға жөнелттік. Билет құнын компания төледі", - деді Дина Қасымова.

Ол ұшақтың техникалық себептермен ұшырылмағанын айтты. "Қазір қосалқы бөлшектің әкелінуін күтіп отырмыз. Содан кейін жөндеу жүргізіліп, ұшақ қайтадан ұшады", - деді компания қызметкері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети