10 сәуір 2014 09:49

КСРО-ны таратқаны үшін Горбачевтің үстінен іс қозғамақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Михаил Горбачев. Сурет мұрағаттан алынған Михаил Горбачев. Сурет мұрағаттан алынған

Мемлекеттік Думаның бір топ депутаты Ресей Бас прокуратурасына КСРО-ның құлау кезеңінде болған оқиғаларға қатысты прокурорлық тексеру жүргізу туралы сауал дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Известия" газетіне сілтеме жасап.

Халық қалаулылары кеңестік азаматтырдың референдум кезінде мемлекеттің біртұтастығын сақтап қалуды қолдағанын, ал жоғарғы партия басшыларының заңсыз әрекеттері мемлекетті күйреуге соқтырғанын айтады.


Мемлекеттік Думаның бір топ депутаты Ресей Бас прокуратурасына КСРО-ның құлау кезеңінде болған оқиғаларға қатысты прокурорлық тексеру жүргізу туралы сауал дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Известия" газетіне сілтеме жасап.

Халық қалаулылары кеңестік азаматтырдың референдум кезінде мемлекеттің біртұтастығын сақтап қалуды қолдағанын, ал жоғарғы партия басшыларының заңсыз әрекеттері мемлекетті күйреуге соқтырғанын айтады.

Қатарында "Единая Россия", КПРФ және ЛДПР партияларының депутаттары бар топ, сол кезеңдегі жағдайларға, сондай-ақ Кеңес үкіметінің соңғы басшысы Михаил Горбачевке қатысты қылмыстық іс қозғауы тиіс деп есептейді. Депутаттар Бас прокурор Юрий Чайкадан КСРО-ның таратылуын заңсыз деп танып, "кеңестік сепаратистерді" жауапкершілікке тартуды ұсынып отыр.

Депутат Евгений Федоров КСРО-ның құлауына қатысты мәселенің 23 жылдан бері өзекті болып келе жатқанын айтады. Қазіргі Украинадағы жағдайлар аясында бұл мәселені көтеру қажет. Ол "бүгінгі билік институттарын бағалау үшін 1991 жылғы оқиғаларға толық заңдық сараптама жүргізу қажет. Сондай-ақ, референдум құжаттарының қолдан өзгертілгенін және билік органдарының әдейі жойылғанын ескеру керек. Бұл бізге бүгінгі жағдайды түсінуге мүмкіндік береді" деді.

Сонымен қатар бастамашылардың бірі "Горбачевке келсек, менің ойымша, егер тексеру нәтижесі оның КСРО-ны әдейі құлатқанын, АҚШ-тың тыңшысы екенін дәлелдесе, Германия оны бізге беруі тиіс" дейді.

Олар Горбачевке "Конституцияға қайшы әрекет етіп, КСРО Мемлекеттік Кеңесін құрды" деген айып тағып отыр. Себебі дәл сол КСРО Мемлекеттік Кеңесі Балтық бойы республикаларының тәуелсіздігін мойындау туралы қаулы шығарған. Олардың пайымдауынша, легитимді болып табылмайтын мұндай органның қаулы шығаруға құқығы жоқ.

Бастамашы топ өкілінің бірі депутат Михаил Дегтярев "тексеру 20 жыл бұрын болған оқиғаға нақты құқықтық баға береді" деп үміттенетінін айтады.

ЛДПР партиясының өкілі "бұл өте маңызды, өйткені осы уақытқа дейін КСРО-ның тарауына нақты құқықтық баға берілген жоқ. Себебі, барлық фактілер мұның жоспарланған акция екенін көрсетеді. Сондықтан айыптылар жазалануы тиіс. Оның ішінде Горбочев те. 1991 жылғы оқиғаның игілігін әлі көріп келеміз. Киевте қанша адам өлді, бұдан әрі де өле береді. Ал бұған бұдан бірнеше жыл бұрын Кремлде мемлекетті құлату туралы шешім шығарғандар кінәлі"-дейді.

Депутаттардың ойынша, мұндай қылмыстың ескеру мерзімі болмайды. Ал бүгінгі күні Горбачевті қылмыстық қудалаудан арашалайтын ешқандай иммунитет жоқ.
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети