Мәскеуде BMW мінген шіркеу қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп алды

29 Қараша 2016, 14:10
0
© riamo.ru
© riamo.ru

Мәскеуде шіркеу қызметкері көлікпен қағып кеткен жаяу жүргінші көз жұмды, - деп хабарлайды Life.

Оқиға Мәскеудің солтүстік бөлігіндегі Ленинградское тас жолында болған. 52 жастағы ер адам жолды бөліп тұратын жолақ үстінде тұрған. Соққының күшінен ер адам қарсы бағытта келе жатқан Hyundai көлігінің астына түсіп кеткен. 

Hyundai жүргізушісі бірден тоқтап, жедел жәрдем шақырған. Дегенмен, оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер ер адамның көз жұмғанын анықтаған. 

Басылымның мәліметінше, адамды қаққан BMW көлігінің рөлінде Левкин Николай атты шіркеу қызметкері отырған. 1997 жылы диакон, ал кейін пресвитер болған. Левкин соңғы уақытта храм клиригі болып істеген екен. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай