Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Мәскеуде Қырымның Ресейге қосылуына 3000 адам наразылық білдірді

15 Наурыз 2014, 18:28
0
 Фотосурет Snob.ru сайтынан.
Фотосурет Snob.ru сайтынан.
Мәскеуде соғысқа қарсы келісілген шеру өтіп жатыр, - деп хабарлайды "Сноб".

Ал "РИА Новости"-дің мәліметінше, шеруге барлығы 18 мыңдай адам қатысып жатыр. "Қырымды қолдап, фашизмге қарсылық білдірген шеруге 15 мыңға жуық адам келді. Қырымның Ресейге қосылуына қарсылық білдірген шеруге үш мыңға жуық адам жиналды", - делінген астаналық ішкі істер бас басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, ертең, 16 наурызда Қырымда түбектің саяси-әкімшілік мәртебесіне қатысты референдум өтуі тиіс. Онда азаматтардан Қырымның Ресейге қосылуына және Қырым Республикасының 1992 жылғы Конституциясын қалпына келтіруге көзқарасы сұралады. Украина мен Ресей тұрғындары арасында бұл референдумды қолдаушылар да, оған үзілді-кесілді қарсылар да көп.

Еске салайық, 22 ақпанда Украинада жаппай тәртіпсіздіктердің соңы Жоғарғы Раданың ел президентін биліктен аластатуына әкеліп соққан еді. Заң шығарушы орган Виктор Януковичті президенттік құзырынан айырып, оның міндеттерін уақытша атқаруды Александр Турчиновқа тапсырған болатын. Украинаның шығысы мен оңтүстігі және Қырым халқы Жоғарғы Раданың шешімін және жалпы мемлекетке жаңа биліктің келуін мойындамады, сөйтіп, аталған аймақтардың, соның ішінде, Қырымның кейінгі тағдырына қатысты референдум өткізу туралы шешім шығарылды. Бұған дейін РФ Федерация кеңесінің Ресей басшысы Владимир Путиннің Украинадағы ахуал қалпына келгенше ел аумағына әскер кіргізу туралы ұсынысының мақұлданғанын да еске сала кеткен жөн.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай