01 ақпан 2015 18:44

Мәскеуде өртенген ғылыми институт кітапханасының ғимараты құлағалы тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Мәскеуде Қоғамдық ғылымдар бойынша ғылыми ақпараттар институты (ҚҒҒА) ғимаратында үйінділерді жинастыру жұмыстары басталды, - деп хабарлайды РИА Новости РФ Төтенше жағдайлар министрлігі Мәскеу қалалық бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Институттың үш қабатты ғимаратының ең жоғарғы қабатында орналасқан кітапханасында өткен жұма күні ірі өрт шығып, жалын сенбі күні кешкісін ғана ауыздықталған болатын. 

Өрт 2000 шаршы метрге жуық ауданды шарпыды. Ғимараттың 1000 шаршы метр болатын шатыры мен ішкі қабырғалары құлап қалды. Ресей Ғылым академиясының бағалауынша, ғимараттың жерасты қоймасында сақталған 10 миллион дана кітап қорының 15 пайызына зақым келуі мүмкін. 

"Жалын ошақтары түгел залалсыздандырылғаннан кейін ғимаратқа су шашылды. Бүгін күн басталысымен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері барлық талап пен қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, үйінділерді жинастыра бастады. Сонымен қатар жекелеген учаскелерге су шашу жалғасып жатыр", - деді РФ ТЖМ Мәскеу қалалық бас басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Оксана Золотова. Оның айтуынша, қазір ғимараттың құлап қалу қаупі төніп тұр, сондықтан барлық жұмыс асқан сақтықпен жүргізіліп жатыр. 

"Қирандыларды жинастыруға және ғимаратқа су шашуға 150 адам мен 45 дана техника, соның ішінде 9 көтергіш кран қатысып жатыр", - деді Золотова. 

Айта кетейік, ҚҒҒА (ИНИОН) - Ресейдің әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ірі ғылыми ақпарат орталықтарының бірі. Оның кітапханасында көне тілдердегі, қазіргі заманғы шығыс, батыс және орыс тілдеріндегі жазбалардың 14,2 миллион данасы, соның ішінде XVI-XX ғасырлардағы жәдігерлер сақталған. Онда Ұлттар лигасы, БҰҰ және ЮНЕСКО ұйымдары құжаттарының Ресейдегі ең толық және кей жағдайда жалғыз жинақтары мен АҚШ-тың 1789 жылдан бергі, Ұлыбританияның 1803 жылдан бергі және Италияның 1897 жылдан бергі парламенттік есептері бар. Бұл - Ресейдегі славян тілдеріндегі кітаптардың ең көп қоры жинақталған орын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети