Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Мурманск маңында құлаған Ми-8 тікұшағы атып түсірілген болуы мүмкін

11 Маусым 2014, 09:49
0
Сурет flashnord.com сайтынан алынған
Сурет flashnord.com сайтынан алынған

Мамыр айының соңында апатқа ұшыраған, бортында Мурманск облысының жоғарғы шенді қызметкерлері болған МИ-8 тікұшағы жерден атып түсірілген болуы мүмкін. Бұл туралы FlashNord агенттігіне тергеу орынындағы танысы мәлімдеген" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дерек көзінің мәліметіне қарағанда, апаттан соң МИ-8 тікұшағының қалақтары радиусы бір шақырым болатын жерге дейін шашылған. Бұл әуе кемесіне сыртқы күштің әсері болғандығының айғағы. Сыртқы әсер еткен күш оқ болуы ықтимал. Бұл мүмкін аңшының не браконьердің байқамай атқан оғы немесе әдейі көздеп атқан оқ болуы да мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, МИ-8 тікұшағының апаты 31 мамыр күні Мурманскі облысының Терский ауданында орын алған еді. Базбір деректерге қарағанда, әуе кемесінің бортында 17 не 19 адам болған, олардың екеуі тірі қалған. Қайтыс болғандар арасында Мурманскі облысы губернаторының орынбасары Сергей Скоморохов, облыстың экология министрі Алексей Смирнов және өзге де шенді қызметкерлер бар.

Кейіннен белгілі болғаны, МИ-8 тікұшағының бортында болған шенділер мен "Апатит" компаниясының менеджерлері Ресей президентінің келуіне дайындық жүргізіп жатқан. Путиннің "Хибины" ұлттық саябағы үстінен ұшып өтуді жоспарлап отырғаны және бірнеше сағатын балық аулауға арнамақ екені алдын ала хабарланған болатын.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай