25 ақпан 2014 10:03

Назарбаев Путинді Сочидегі ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарының сәтті аяқталуымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимр Путинді Сочидегі ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарының табысты аяқталауымен құттықтады деп хабарлайды Tengrinews.kz Ресей Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстандық тараптың бастамасымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Н.Назарбаев В.Путинді Сочидегі Қысқы Олимпиаданың сәтті ұйымдастырылып, табысты өткізілуімен құттықтады. Сонымен қатар, екі елдің басшысы Украинадағы жағдайларды да талқылады. Еске салайық, Сочидегі XXII қысқы Олимпиада ойындары 23 ақпан күні аяқталған болатын. Олимпиада ойындарында командалық есепте Ресей бірінші орыннан көрінді. Ресей спортышлары 13 алтын, 11 күміс, 9 қола медальді қоржындарына салып, Кеңес одағы тұсындағы рекордты жаңартты. Ал Қазақстан бұл додада 26-шы орынға табан тіреді. Еліміздің еншісінде мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен иемденген қола медаль бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети