04 сәуір 2014 18:04

Омбының атышулы ірімшігі Қазақстанда сатылмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©М24.ru ©М24.ru

Қызметкерлері сүт ваннасына шомылған Омбы зауытының ірімшігі Қазақстанда сатылмайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Роспотребнадзор" өкілдері хабарлады. 


Қызметкерлері сүт ваннасына шомылған Омбы зауытының ірімшігі Қазақстанда сатылмайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Роспотребнадзор" өкілдері хабарлады. 

Тұтынушылар құқығын қорғау және адам салауаттылығы жөніндегі Федералдық қызметтің Омбы облысы бойынша басқармасының баспасөз қызметі атышулы кәсіпорынның 2014 жылдың қаңтарынан наурызына дейін 49 тоннадан астам ірімшік өнімін шығарғанын хабарлады. Бірақ санитарлық талапқа сай келмейтін өнім Қазақстанға жеткізілмеген. "Сыры" сауда үйі" ЖШҚ-ның "Сыроедово", "Адыгея" сауда белгісімен шығарылған "Чечил" ірімшіктері Омбы, Пермь, Новосібір, Барнауыл, Пенза, Түмен, Нижний Новгород, Екатеринбург, Владимир, Мәскеу, Томск, Улан-Удэ, Иркутск, Тольятти қалаларында сатылады", - дейді "Роспотребнадзор" өкілдері. Ірімшіктің соңғы партиясы 2014 жылдың 24 наурызында өндірілген. 

Федералдық қызмет өкілдерінің қорытындысына қарағанда, зауыттың өнімдері антисанитариялық жағдайда өндірілген. Бұл - "Сүт және сүт өнімдерінің техникалық регламенті" федералдық заңының бұзылуы.

Еске салайық, Омбы ірімшік зауытының қызметкерлері цехтағы сүт толы ваннаға шомылып, сол жерде түсірілген фотосуреттер мен бейнежазбаны интернетке орналастырған болатын. Үстінде ішкиімі ғана бар жігіттердің лас жағдайда ірімшік жасап жатқаны түсірілген бейнежазба көпшіліктің жаппай наразылығын туғызды. 3 сәуір күні зауыт 40 күнге жабылды, Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети