Путин Еуропа қалаларын екі күнде басып алмақшы - БАҚ

18 Қыркүйек 2014, 21:42
0
Путин Еуропа қалаларын екі күнде басып алмақшы - БАҚ - Владимир Путин. ©ria.ru
Владимир Путин. ©ria.ru

Ресей президенті Владимир Путин украиналық әріптесі Петр Порошенкомен әңгімелескен кезінде өз армиясы екі күн ішінде Киевті ғана емес, Еуропаның басқа да қалаларын басып алатынын айтты. Бұл туралы 18 қыркүйек күні немістің Süddeutsche Zeitung басылымы Порошенко мен Еуроодақ басшыларының әңгімесі жазылған жазбаға сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Еуропалық сыртқы саясат қызметі келіссөздерінің хаттамасына қарағанда, Украина президенті бұл туралы Еуропалық комиссия төрағасы Жозе Мануэл Баррозуға өткен жұма күні оның Киевке сапары барысында айтқан. Порошенконың айтуынша, Путин оған сөзбе-сөз: "Егер мен қаласам, ресейлік жасақтар екі күн ішінде Киевті ғана емес, Риганы, Вильнюсті, Таллинді, Варшава мен Бухаресті де басып алар еді", - деген.

Неміс басылымдарының хабарлауынша, Путин Порошенкоға "Еуроодаққа көп иек артпауға" кеңес берген, себебі ол "Еуропалық кеңес деңгейінде қабылданатын шешімге ықпал етіп, оған тыйым сала алады".

Хаттамаға қарағанда, Порошенко Путиннің сөзін Кремль басшысының Еуроодақтың Ресеймен көршілес елдерге ықпалына эмоциялық тұрғыдан қаншалықты қарсы тұра алатынын көрсету үшін келтіріп отыр. 

Бұған дейін Еуропада Жозе Мануэл Баррозу мен Владимир Путиннің телефон арқылы әңгімелескені көпшілікті елең еткізген еді. Путин ол кезде: "Мен қаласам, Киевті екі апта ішінде алар едім" деген-міс. Тамыз айының соңында Баррозу бұл әңгіменің мазмұнын Еуропа елдері жетекшілері мен олардың үкімет басшыларына жария етті. Кремль Баррозуды жеке әңгімені көпшілікке жария қылды деп айыптады.

Айта кетейік, қыркүйек айының басында Украина президенті BBC телеарнасына берген сұхбатында Ресей армиясының Киевті ғана емес, Еуропаның басқа да қалаларын басып ала алатынын айтқан болатын. "Ресей армиясы - 1,2 млн адам. Бұл қисынға қарағанда, егер бүкіл әлем Украинамен өз ынтымақтастығы бойынша біріге алмаса, Ресей "Киевті ала алады", Ресей Варшаваны, Вильнюсті, Риганы, Бухаресті, басқа да кез келген қаланы басып ала алады", - деген болатын Порошенко бағдарлама жүргізушісі HARDTalk-қа. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай