Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Путин мен Меркель Қырымға ЕҚЫҰ-ны тартуға келісті

03 Наурыз 2014, 09:04
0
"Ресей президенті Владимир Путин мен Германия канцлері Ангела Меркель телефон арқылы Қырымдағы жағдайды талқылады. Ресей басшысы ЕҚЫҰ аясында арнайы топ құрып, аймақтағы жағдайды тексеруге келісті" деп хабарлайды Tengrinews.kz Lenta.ru ақпарат құралына сілтеме жасап.

Германия үкіметінің өкілі Георг Шрайтер "Путин Қырымдағы жағдайды саяси диалог арқылы шешуге келісімін берді" деп мәлімдеді. Мәселенің толық мән-жайы қазірге анық емес. Әңгіме барысында Меркель Путинді Украинаға "интервенция жасамау" туралы халықаралық келісімді бұзды" деп айыптап, Ресей басшысын Украинаның аймақтық бірлігіне құрметпен қарауға шақырды. Өз кезегінде Путин Ресей тарапынан қолданылған шаралардың "ерекше жағдайға" сай жасалып отырғанын айтты дейді Кремл сайты.

Естеріңізге салсақ, 1 наурыз күні Ресей Федералдық Кеңесі президент Владимир Путинге Украинадағы қоғамдық-саяси жағдайды қалпына келтіру үшін ресейлік қарулы күштерді сол ел аумағында пайдалануға рұқсат етуге бірауыздан дауыс берді.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай