Ресей McDonald's желісін жабуға кірісті

21 Тамыз 2014, 10:37
0

Ресейдің Мәскеу қаласы бойынша тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі федералдық қызметі McDonald's-қа қарасты төрт мейрамхананың жұмысын уақытша тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  сол ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тамыздың 18-20-сы күндері өткен тексерістің нәтижесінде санитарлық заңнаманы бұзудың көптеген фактілері анықталды. Осыған байланысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер қозғалып, Мәскеу қаласындағы McDonald's-тың төрт мейрамханасы уақытша жабылды. Соның ішінде бұрыннан бері істеп келген Бронная көшесіндегі McDonald's та бар.   

Айта кетейік, АҚШ пен Еуропа елдері Ресейге сан алуан экономикалық санкцияларды енгізген кезде халық арасында McDonald's сияқты дәмханалар желісін жабу туралы ұсыныстар айтылған болатын. Бүгінде Ресей билігі ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға қатысты өз санкцияларын енгізіп отыр.


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай