06 наурыз 2014 16:58

Ресей экс-қорғаныс министріне рақымшылық жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей қорғаныс экс-министрі Анатолий Сердюков. ©РИА Новости Ресей қорғаныс экс-министрі Анатолий Сердюков. ©РИА Новости

"Тергеу органдары Ресей экс-қорғаныс министрі Анатолий Сердюковке рақымшылық жасады" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Интерфакс-Казахстан" ақпарат құралына сілтеме жасап. Деректерге қарағанда, бұл жайлы шешім Сердюковтің өтініші бойынша Ресей ТК Бас әскери тергеу басқармасы тарапынан 21 ақпанда РФ Конституциясының 20 жылдығына орай жарияланған рақымшылық негізінде қабылданған. Агенттікке сұхбат беруші "немқұрайдылық бойынша айыпталған бұрынғы министр тергеу органына рақымшылық жасау туралы өтініш берді, өтініш қанағаттандырылды", - деп атап өтті. Сол себепті "айыбы алып тасталынбаған негізде Сердюковке қарсы қылмыстық қудалау тоқтатылды" деп түсінік берді ол. Дерек көзі әскери прокуратура тарапынан да бұл шешімге қарсылық болмағанын айтады. Ал, адвокаттар Генри Падва мен Константин Ривкин "Интерфакске" бұл жайлы мағлұмат бермейтіндіктерін айтқан. "Біз ешқандай мәлімдеме жасамаймыз" дейді қорғаушылардың екеуі де. 25 ақпанда әскери әділет органының ақпарат көзі "Интерфакске" Сердюковтің рақымшылыққа өтініш бергенін хабарлаған болатын. Әңгімелесуші бұрынғы әскери басшының бейресми келісім бойынша рақымшылыққа ақшалай қол жеткізгенін айтады. Экс-қорғаныс министріне РФ ҚК-нің 293 бабы 1-бөлімі бойынша айып тағылған болатын. Бұл бап бойынша оған айыппұл не үш айға бас бостандығынан айыру жазасы қолдануы мүмкін болатын. Сондай-ақ аталмыш баптың 2.6 тармақшасы бойынша бұрын қылмыс жасамаған әскери қызметкерлерге рақымшылық жасап, жазадан босату көзделген.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети