Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ресей Украинаның президент сайлауына сыйластықпен қарайды

24 Мамыр 2014, 10:43
0
Фото РИА Новости©
Фото РИА Новости©

 Ресей Украинаның президент сайлауына қатысты таңдауына сыйластықпен қарайды деп хабарлайды BBC Русская служба.

Белгілі болып отырғандай Кремль Украинаның президент сайлауына қатысты таңдауына сыйластықпен қарайды. Дегенмен Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу әлі де болса Украинаның заңды президенті ретінде Виктор Януковичті санайтынын мәлімдеді.
Санкт-Петербордағы халықаралық экономикалық форум барысында Владимир Путин "Біз Украин халқының президент таңдауына сыйластықпен қараймыз. Әрине, бұдан кейін не болатынын үнемі бақылап,  қарап отырамыз" деді.

Сондай-ақ Ресей президентінің ойынша Украинаға референдум өткізіп, конституцияға өзгерістер енгізіп, соның аясында жаңа билікті таңдап, парламент пен президентті осылай таңдай анағұрлым тиімдірек болатын еді.


Өз кезегінде Украинаның сыртқы істер министрлігі елдің жаңа билікті сайлауға дайын екенін мәлім етті.
Еске салайық, Украинадағы президет сайлауы 25 мамыр күні өтеді деп жоспарлануда.

Бұған қатысты Донеск және Луганск халықтық республикасының көсемдері өз аймақтарында  сайлауды өткізбейтіндіктерін баса айтқан болатын.

Еске салайық, бұған дейін Украинаның премьер-министрі Арсений Яценюк Ресейді "Донескідегі жағдайды ушықтырды" деп айыптаған болатын.  Донеск облысында блок-посткқа жасалған шабуыл барысында 16 жауынгер қаза тапты. Яценюк осыған қатысты Ресей "мұндай әрекеттері арқылы сайлауды болдырмауға барын салуда" деген еді. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай