22 маусым 2014 11:58

Ресейде ОӘО-тің әскери дайындығын тексеру жұмысы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет www.66.ru сайтынан алынды. Сурет www.66.ru сайтынан алынды.

Ресейде Орталық әскери окургтың (ОӘО) әскери дайындығын тексеру жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Теngrinews.kz сайты РИА Новости басылымына сілтеме жасап.


Ресейде Орталық әскери окургтың (ОӘО) әскери дайындығын тексеру жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Теngrinews.kz сайты РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Ресей президенті Владимир Путин ОӘО-тің әскери дайындығын кешенді тексеруден өткізуді шешкен. Сенбі күні Ресей президентінің бастамасымен ОӘО-тің әскерилері мен әскери бөлімдер бірлесіп, белгіленген территорияға орналасып, әскери дайындықты пысықтауды бастап кетті. Тексеру жұмысы 21-28 маусым аралығында жүргізіледі.  

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше,22 маусым күні тексеру барысында белгіленген аймақтарға орналасуды бастап кетті. "Әскери дайындықты тексеру аясында әскери күш Орталық әскери окург территориясына орналастырылып, әскери бөлімдер қосылады және белгіленген аудандарда үлкен масштабтағы орналастыру жұмыстары жүргізіледі, - делінген министрліктің хабарламасында. 

Осы жұмыс аясында танкілік және зениттік зымырандар ОӘО-пен қосылып, теміржол платформасына тиеледі. Әуе-десанттық бөлімдері аэродромнан қозғалады. Ал, кейбір әскери бөлімдер Юргинск, Чебаркульск, Тоцк полигондарына өздері жетуге міндетті. 

Осы тексеру арқылы әскери күштердің жоспарлы орын ауыстыруын, үлкен масштабтағы әскери техникалардың қозғалуын қадағалау мәселелерін және әскери техникалардың метериалдық-техникалық мүмкіндіктерін саралауға мүмкіндік туады. Осындай оқу-жаттығу кезінде жекелеген құрамдар мен командирлердің бағыныштыларды басқаруына баға беруге болады. Тексеру жұмысына 65 мың әскери қызметкер мен барлық әскери бөлімдер тартылған. Сондай-ақ, аталмыш шараға 180 ұшақ, 60 тікұшақ және 5,5 мыңнан астам әскери техника жұмылдырылып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети