17 қараша 2014 18:26

Ресейдегі "Восточный" ғарыш айлағының құрылысына қатысты түйткілдер бар – Медведев

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Восточный" ғарыш айлағындағы құрылыс жұмыстары. © ©РИА Новости "Восточный" ғарыш айлағындағы құрылыс жұмыстары. © ©РИА Новости

Ресейдегі "Восточный" ғарыш айлағының құрылысына қатысты түйткілдің субъективті жағы да бар. Бұл туралы Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев мәлім етті, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұрын хабарлағанымыздай, "Восточный" ғарыш айлағының құрылысы өз уақытанан 1-2 айға қалыс қалып келеді. 

Медведевтің айтуынша, бұл мәселелер Роскосмос басшылығымен талқыланады. "Мен біздің ғарыш корпорациясының басшысымен кездесемін. Содан кейін сіздермен, яғни Роскосмос басшылығымен де ашық сөйлессем деймін. Өйткені құрылыс жұмыстарына қатысты мәселенің тек объективті ғана емес, субъективті жақтары да бар", - деді Медведев вице-премьерлермен кездесу барысында. Сондай-ақ, ол қазіргі таңда "Восточный" ғарыш айлағының құрылысы белсенді фазада жүргізіліп келе жатқанын, сондықтан кестеге сәйкес жұмыс істеу қажеттігін айтты.

"Восточный" ғарыш айлағының Қиыр шығыс пен Ресей үшін тек ғылыми ғана емес, экономикалық, геосаяси маңызы да зор.  Құрылысшылардың жоспары бойынша ғарыш айлағы 2015 жылдың шілдесінде аяқталуы тиіс. Ғарыш айлағынан алғашқы зымыранды ұшыру 2015 жылға жоспарланып отыр. Ал ең алғашқы ғарыш кемесі бұл айлақтан 2018 жылы ұшырылмақ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети