30 қараша 2014 20:54

Шешенстан Президенті Рамзан Қадыров ресейлік YotaPhone қолдануда

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ntv.ru сайтынан Фото ntv.ru сайтынан

"Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров YotaPhone пайдаланушылар қатарына қосылыпты", - деп хабарлайды РИА Новости. Ресейлік смартфонды оған журналист әрі тележүргізуші Тина Канделаки сыйлапты. Өзінің бұл жаңалығымен Рамзан Қадыров Instagrаm парақшасы арқылы бөліскен.
Қадыровтың өзінің көмекшісіне YotaPhone-ге тапсырыс беруіне Ресей Президенті В.Путиннің ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге өзелінде жасалған смартфонды сыйға тартуы себеп болған. Қадыров сонымен қатар,көпшілікке де әлеуметтік желілер арқылы iPhone-ды емес, отандық тауарды сатып алуға үндеген.
"Мен YotaPhone қолданып жүрмін! Өзіміздің өнім шығарушыларды мақтан тұтамын! Сіздерге де iPhone сатып алмай, отандық өнім өндірушілерді қолдауға шақырамын, оның үстіне бұл смартфонның сапасы өте жақсы",– деп жазыпты өзінің Instagram парақшасына Қадыров.
YotaPhone – ресейлік тұңғыш смартфон. Құрылым Apple корпорациясының өніміне өте ұқсас: көлемі мен формасы, сенсорлы экран. Жаңа смартфонның ерекшелігі электронды сия технологиясы бойынша жасалған қосымша экраны бар. Сол арқылы негізгі дисплейге қарағанда энерго тұтынуды сегіз есеге үнемдеуге болады. Смартфонды жасаушы - ресейлік жеке компания - Yota Devices.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети