26 тамыз 2014 14:41

Украинада тұтқынға түскен ресейліктер шекарадан кездейсоқ өткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Украинада қолға түскен ресейлік әскерилер шекараны кездейсоқ кесіп өткен, - деп хабарлайды РИА Новости РФ қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 


Украинада қолға түскен ресейлік әскерилер шекараны кездейсоқ кесіп өткен, - деп хабарлайды РИА Новости РФ қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін Украина Қауіпсіздік қызметі Ресеймен арадағы шекарада ресейлік 10 десантшының құжаттарымен және қара-жарағымен бірге ұсталғанын хабарлаған еді. "Аталған әскери қызметшілер орыс-украин шекарасын күзетуге қатысқан, олардың шекараның жабдықталмаған, маркаланбаған учаскесінен кездейсоқ өтіп кетуі ықтимал, Украина қарулы күштері ұстаған кезде олар еш қарсылық көрсетпеген", - деп хабарлады Ресейдің қорғаныс ведомствосы.

Қорғаныс министрлігі шекарада Ресей аумағына украин әскерилерінің де жеке және топ болып, соның ішінде, қарулы күйде және әскери техникамен өтіп кететінін еске салды. "Біз бұл жөнінде артық шу шығармадық. Оларды жай ғана украин аумағының қауіпсіз жеріне қайтарып отырдық", - дейді ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, бұған дейін Донецк облысының Амвросиев ауданында Ресей Қарулы күштері Әуе-десант әскері 98-ші Свирь дивизиясының 331-полкы құрамындағы он әскери қызметшінің тұтқынға алынғаны туралы хабар тараған еді. Олар 23 тамызда десантшылар батальонының Ресейдің Ростов облысының теміржол көлігімен көшірілгенін және 24 тамыз күні сағат 03.00-де бөлімшенің дабыл бойынша тұрғызылып, десанттың әскери машиналарымен колонна құрамында марш жасауға бұйрық алғанын мойындаған. "Офицерлік құрамға ғана ресейлік техниканың Украина аумағына кіретіні хабарланған", - дейді УҚҚ -нің баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети