04 наурыз 2014 09:52

Украинаға әскер кіргізуді Путиннен Янукович өтінген

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Украинаға ресейлік әскери күштерді кіргізуді Ресей президенті Владимир Путиннен Виктор Янукович өтінген. Бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиналысында Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин мәлім етті" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап. Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин Януковичтің Путинге жазған үндеуін оқыды. Онда, Янукович "Киевтегі билікті заңсыз басып алу Украинаны азаматтық соғыс жағдайына жеткізді" деп сендірген. "Адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне, әсіресе, Қырым мен оңтүстік-шығыс аймаққа қауіп төніп отыр. Батыс елдерінің қолдауымен ашық террор және зорлық-зомбылық орын алуда. Адамдар саяси және тілдік ерекшеліктері бойынша қудалануда" делінген. "Осыған орай, Ресей президенті Владимир Путиннен заңдылық пен бейбітшілікті, тұрақтылықты, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ресей әскери күштерін Украинаға кіргізуді сұраймын. Виктор Янукович, 1 наурыз, 2014 жыл" деп дәйектеді Януковичтің үндеуін Чуркин. Сондай-ақ, Чуркин "Ресей 21 ақпандағы Янукович пен оппозиция жетекшілері арасындағы Украинадағы жағдайды қалпына келтіру туралы келісімнің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс" дейді. Оның сөзінше, елде жалпыұлттық референдумда қолдау тапқан конституциялық реформа жасалуы, сондай-ақ барлық саяси күштердің мүддесі ескерілген легитимді үкімет жасақталуы тиіс.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети