Испанияның туристік Viajar журналы Алматыны тау баурайында орналасқан және қаланың дәл ортасынан тау шаңғысы трассаларына жылдам жетуге болатын әлемдегі бес қаланың қатарына қосты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Жарияланымда Алматы белсенді және танымал қысқы туризм орталықтары - Инсбрук, Гренобль және Зальцбургпен қатар көрсетілген. Қонақтарды 3000 метрден жоғары биіктікке көтеретін Шымбұлақ курортына және әлемдегі ең биік таулы ашық мұз айдыны Медеуге ерекше назар аударылған.
Сондай-ақ, мақалада қаланың табиғи, мәдени және гастрономиялық мүмкіндіктері атап өтілген.
Viajar журналы 1978 жылдан бері шығып келеді және Испаниядағы жетекші туристік медиа басылымдардың бірі саналады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!