Автостоппен саяхаттап жүрген турист қыз Алматыға барар жолда полицейлер қалай көмектескенін айтып берді. Видео 170 мыңнан астам қаралым жинаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Қыздың айтуынша, Орта Азияда автостоппен жүру жеңіл, себебі адамдары мейірімді. Ол саяхатшыларға офлайн-аудармашыны жүктеп алуға кеңес берді.
Видеода туристер жолдан көлік тоқтатпақ болғанда, оларға полицейлер тоқтайды. Олар туристерді біршама жерге дейін жеткізіп тастауды ұысынған.
"Қане, Қазақстанда автостоппен саяхаттау қаншалықты жеңіл екенін көрейік. Полицейлер бізді жеткізіп салуды ұсынды – міне, олармен бірге кетіп барамыз! Полицейлер тек орысша және қазақша сөйлейді, ал біз тек ағылшынша", – дейді ол видеода.
Жазба бірден оқырмандардың назарын аударған.
Кейін түнде жолға шықпай, таңертең автостопты жалғастырған. Оларды жүк көлігінің жүргізушісі алып кеткен.
"Жүк көлігі төрт минутта тоқтады. Біз шамамен бір сағат сөйлесіп бардық. Кейін тағы бір жүк көлігі Алматыға дейін жеткізіп, тіпті қауын сыйлады. Ақша алмады – қазақтар шынымен керемет", – деді ол.
Қыздың сөзінше, 10 сағат жол тез өтіп, олар тіпті жаңа дос тауып қайтқан.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!