Қазақстан Vogue журналы ұсынған үздік 14 туристік бағыттың қатарына кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Халықаралық Vogue журналы 2025 жылы редакциясы аралап көрген әлемдегі ең үздік 14 туристік бағыттың тізіміне Қазақстанды қосты. Беделді рейтингте еліміз Лондон, Сардиния, Барселона және Палм-Спрингс сынды жаһандық туристік орталықтармен қатар аталған. Мақалада Алматыға ерекше назар аударылған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық Vogue журналы 2025 жылы редакциясы аралап көрген әлемдегі ең үздік 14 туристік бағыттың тізіміне Қазақстанды қосты. Беделді рейтингте еліміз Лондон, Сардиния, Барселона және Палм-Спрингс сынды жаһандық туристік орталықтармен қатар аталған. Мақалада Алматыға ерекше назар аударылған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Vogue редакциясы Алматыны заманауи қалалық орта мен көркем табиғат үйлесім тапқан, айқын контрасттарға толы қала ретінде сипаттайды. Материалда Іле Алатауының етегіндегі кеңестік кезең сәулеті, дамыған гастрономиялық мәдениет және қазақтың ұлттық асханасы ерекше аталады.

"Алғашқы күндерімді контрасттарға толы қаланы аралаумен өткіздім: Іле Алатауы аясындағы кеңестік даңғылдар, заманауи дәмханалар мен дәстүрлі қазақ дүкендері бір кеңістікте тоғысқан", - деп жазады материал авторы, креативті даму жөніндегі менеджер Али Фаруки.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Алматы өңірді аралауға, соның ішінде көршілес Қырғызстанға сапарлауға қолайлы бастапқы нүкте ретінде көрсетіледі. Материал автордың алған әсеріне және Орталық Азия бойынша жасаған саяхатына негізделген.

Vogue нұсқасы бойынша үздік 14 туристік бағыттың қатарына Алматының енуі қалаға деген халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын айғақтап, Қазақстанның әлемдік туристік картадағы орнын нығайта түседі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная