Қазақстандық жолаушы пойыз билеттеріне қатысты ерекше ереже енгізуді ұсынды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық жолаушы пойыз билеттеріне қатысты ерекше ереже енгізуді ұсынды Midjourney

Қазақстандық жолаушы пойыздарда үнемі қарт жолаушыларға орын беруге мәжбүр болатынына шағымданды. Ол зейнеткерлерге жоғарғыдағы орынға билет сатылмауы үшін жас шектеуін енгізуді ұсынды. Бұл өтінішке "Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметі жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық жолаушы пойыздарда үнемі қарт жолаушыларға орын беруге мәжбүр болатынына шағымданды. Ол зейнеткерлерге жоғарғыдағы орынға билет сатылмауы үшін жас шектеуін енгізуді ұсынды. Бұл өтінішке "Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметі жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Шағым

Қазақстандық редакцияға хабарласып, пойыздардағы жағдайға шағымданды. Оның айтуынша, алдын ала төменгі орынға билет сатып алған күннің өзінде қарт жолаушыларға жиі орын беруге мәжбүр болады.

"Мен ел ішінде жиі "Тальго" пойыздарымен жүремін және бір жағдайға қайта-қайта куә боламын: қарт жолаушылар өздеріне тек төменгі орындарды талап етеді. Әдетте мен екі орындық купеден төменгі сөрені алдын ала сатып алуға тырысамын, тіпті жайлылық үшін артық төлеуге дайынмын. Алайда өз орнымда қалу кейде мүмкін болмайды. Көбіне жаныма қарт адамдар жайғасып, бастапқыдан-ақ төменгі орынды беруді талап етеді, дәстүр мен тәрбиені алға тартады", – деді ол.

Оның айтуынша, мұндай жағдайларда жолсеріктер әдетте араласпайды.

"Сонда неге ҚТЖ-ға жоғарғы орындарға билет сатуда жас шектеуін енгізуді қарастырмасқа, сонда осындай жанжалдардың алдын алуға болар еді ғой?" – деп жазды ол өтінішінде.

Компания жауабы

Біз бұл жағдайға байланысты "Жолаушылар тасымалы" компаниясының баспасөз қызметінен пікір сұрадық.

"Орын сатуда жас шектеулері қарастырылмаған – мұндай тәжірибе Қазақстанда да, дүниежүзілік теміржол саласында да жоқ. Вагондағы барлық орын тең дәрежеде және әр жолаушы өзі таңдаған әрі ақысын төлеген орынды алуға құқылы", – деп жауап берді компания.

Сонымен қатар, тасымалдаушы сапарды алдын ала жоспарлап, өзіне барынша қолайлы орындарды сатып алуды ұсынды.

"Жолсеріктерге келсек, олардың міндеті – вагондарда жайлылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, әр жолаушы оларға көмекке жүгіне алады", – деді компания өкілдері.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;