Қазақстандықтар шетелден келе сала не істейді? Блогер көпшілікке таныс жайтты айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар шетелден демалып келген бойда не істейтіндерін айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар шетелден демалып келген бойда не істейтіндерін айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде блогер Кристина Русиновичтің шетелден демалып келген бойда не істейтінін көрсеткен видеосы тарап кетті. Оның видеосы 300 мыңнан аса қаралым және көптеген пікір жинады.

Видеода блогер шетелде түрлі тағамдар жеп жатқанын, алайда Қазақстанға оралған бойда міндетті түрде ет асатынын көрсеткен.

"Мені қазақтар түсінеді", - деп жазған ол.

Бұл көпшілік қазақстандыққа таныс жағдай болып шықты. Көпшілік ет - жай ғана тағам емес екенін, сондай-ақ жайлы үйге оралудың символы екенін жазған.

"Қазақстанда 124 ұлт тұрады, олардың барлығы бешбармақты жақсы көреді", "Менің анам жұмыс істейтін Омбыдағы аурухананың бас дәрігері - орыс, бірақ Қазақстанда дүниеге келген. Әр мерекеде бешбармаққа ақша бөледі, әсіресе қарынды жақсы көреді", "Мен бешбармаққа тәуелді сияқтымын", "Ет - ең дәмді тағам, ол біздің генетикалық кодымызға енгізілген секілді", - деп бөлісті желі қолданушылары.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная