Қазақстаннан бiрнеше елге жаңа тікелей рейстер ашылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстаннан бiрнеше елге жаңа тікелей рейстер ашылады Фото:depositphotos.com

2025 жылғы қараша және желтоқсанда қазақстандық әуекомпаниялар Еуропа, Таяу Шығыс және Азия елдеріне бірқатар жаңа бағыттарды іске қосып, ашуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2025 жылғы қараша және желтоқсанда қазақстандық әуекомпаниялар Еуропа, Таяу Шығыс және Азия елдеріне бірқатар жаңа бағыттарды іске қосып, ашуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, жаңа тікелей рейстер келесі елдерге ұшады: Сербия, Таиланд, Грузия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы.

Қандай рейстер қосылады

Scat

3 қарашадан бастап Scat әуекомпаниясы Астана – Белград – Астана бағытында тұрақты рейстерді орындай бастады. Рейстер Boeing 737 ұшағымен аптасына екі рет ұшады.

Сонымен қатар, желтоқсанда тасымалдаушы Шымкенттен шығатын рейстер санын арттырады:

15 желтоқсаннан бастап Бангкок және Тбилиси бағыттарына рейстер ашылады (аптасына екі рет, Boeing 737-800 және Boeing 737 MAX 8 ұшақтарымен);

25 желтоқсанда Красноярск қаласына рейстер басталады (аптасына екі рет, Boeing 737 MAX 9).

Qazaq Air

Qazaq Air де өз бағытын кеңейтіп жатыр:

  • 7 қарашада Астана – Самарқанд бағыты бойынша алғашқы рейс орындалды;
  • 10 қарашада Астана – Бішкек – Астана бағытындағы рейстер басталды.

Екі бағыт та аптасына екі рет орындалады.

Air Astana

Air Astana да халықаралық бағыттар желісін кеңейтеді. 2 қарашадан бастап жолаушылар Ақтаудан Джиддаға (және кері) аптасына бір рет Airbus A321 ұшағымен ұша алады.

"Қысқы маусымға байланысты әуекомпания рейстер жиілігін түзетті. Туристік сұраныстың артуына байланысты танымал бағыттар бойынша рейстер саны көбейтілді", – деп хабарлады министрлік.

Осылайша:

  • Алматы – Бангкок бағыты бойынша енді аптасына 6 емес, 7 рейс;
  • Пхукетке – 7 емес, 8 рейс;
  • Фукуокқа – 5 емес, 6 рейс орындалады.

Сондай-ақ Атырау – Стамбул бағытындағы рейстер саны аптасына бірден екіге артқан.

FlyArystan

FlyArystan әуекомпаниясы 29 қарашадан бастап Ақтау – Дубай – Ақтау бағытында рейстер ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына екі рет Airbus A320 ұшағымен жүзеге асырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;