Қазақстаннан қай елдерге ұшуға болады? Тізім

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстаннан қай елдерге ұшуға болады? Тізім Фото:depositphotos.com

Көлік министрлігі теміржол және азаматтық авиация салаларындағы маршруттық желі туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлік министрлігі теміржол және азаматтық авиация салаларындағы маршруттық желі туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Теміржол көлігі

Бүгінде елімізде жолаушылар тасымалы саласында 154 теміржол маршруты орындалады.

Олардың ішінде:

  • 112 маршрутты "Жолаушылар тасымалы" АҚ орындаса;
  • 30 маршрут жекеменшік тасымалдаушыларға тиесілі;
  • Ал қалған 12 маршрут халықаралық маршрутқа жатады.

2025 жылдың алғашқы 6 айында теміржол көлігімен 9,5 миллион жолаушы тасымалданған. Жолаушылар вагондарын жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліпе жатыр. Жыл басынан бері шамамен 60 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынды.

Әуе қатынасы

Азаматтық авиация саласында ішкі және халықаралық бағыттардың саны артып келеді:

  • Ішкі бағыттарда 61 маршрут бойынша апта сайын 849 рейс орындалады;
  • Халықаралық бағыттарда 144 маршрут бойынша аптасына 842 рейс жүзеге асырылады.

Қазақстаннан әлемнің 31 еліне тікелей ұшуға болады. Халықаралық әуе рейстер географиясы әлемнің келесі елдерін қамтиды:

  • Ресей,
  • Қырғызстан,
  • Өзбекстан,
  • Тәжікстан,
  • Грузия,
  • Беларусь,
  • Әзірбайжан,
  • Туркия,
  • Ұлыбритания,
  • Германия,
  • Италия,
  • Нидерланды,
  • Польша,
  • Чехия,
  • Венгрия,
  • Черногория,
  • БАӘ,
  • Катар,
  • Иран,
  • Мысыр,
  • Кувейт,
  • Бахрейн,
  • Оман,
  • Оңтүстік Корея,
  • Қытай,
  • Үндістан,
  • Вьетнам,
  • Тайланд,
  • Моңғолия,
  • Малайзия,
  • Мальдив аралдары.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында әуе көлігі қызметін 7,2 миллион жолаушы пайдаланған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;