Қысқы тауға шығу: маңызды кеңестер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Қазақстандықтар арасында тауларда демалу танымал болып қала береді. Алайда көпшілік қауіп-қатерді бағаламай, тауға дайындықсыз шығады. Маман сапарды қалай дұрыс жоспарлау және қауіпті жағдайлардан қалай сақтану керектігін айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар арасында тауларда демалу танымал болып қала береді. Алайда көпшілік қауіп-қатерді бағаламай, тауға дайындықсыз шығады. Маман сапарды қалай дұрыс жоспарлау және қауіпті жағдайлардан қалай сақтану керектігін айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Сарапшы Тимур Артюхиннің айтуынша, көбі бірдей қателік жібереді, тауға жарамайтын киіммен жолға шығады.

Анықтама: Тимур Артюхин, 38 жаста. Жаратылыстану ғылымдарының магистрі. Спорттық бағдарлау бойынша спорт шебері, спорттық бағдарлау, скайраннинг және трейлраннинг бойынша республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері әрі жеңімпазы. Аутдор спорт түрлерімен 25 жылдан астам уақыт айналысады.

Реклама
Реклама

"Тауда серуендеуге ең қолайлысы трекингтік етік немесе кроссовкалар. Негізгі талап - табанының бедері жақсы болуы және жермен берік ілінісуі. Мұндай жағдайларға арналмаған қарапайым аяқ киім құлау мен жарақат алудың себебіне айналады", - деді ол.

Сарапшының айтуынша, қыста ылғалдан қорғайтын әрі аяқтың "тыныс алуына" мүмкіндік беретін арнайы тауға арналған аяқкиімді таңдау маңызды.

Киім таңдауға да мән беру керек: термо, флисті кофта және күртеше. Сонымен қатар бас киім, қолғап, баф және күннен қорғайтын көзілдірікті бірге алған дұрыс.

Сөмкеге не салу керек?

Тимур Артюхиннің кеңесіне сүйенсек, біркүндік жорыққа көлемі 20–25 литр болатын рюкзак жеткілікті.

"Міндетті түрде телефон, пауэрбанк алып, алдын ала офлайн-карталарды орнату керек. Бұл - бағытта бағдар алуға және төтенше қызметтермен байланыс орнатуға көмектесетін негізгі жиынтық", - деді сарапшы.

Сондай-ақ, ол пластырь, бинт және жеке дәрі-дәрмектерден тұратын шағын жеке дәрі қобдишасын, шай құйылған термос, шам және қалта пышағын алып жүруге кеңес береді.

Қыста мұзға арналған аяқ киім қаптамалары мен трекинг таяқшалары пайдалы - олар қар мен мұз үстінде жүруді едәуір жеңілдетеді. Бұдан бөлек, Тимур Артюхин өзімен бірге құтқару жамылғысын алуды ұсынады.

"Жиналған күйінде ол өте шағын әрі жеңіл, ал жайылған кезде ауа райынан қорғайтын және жылуды сақтауға көмектесетін фольгалы қабықшаға айналады. Төтенше жағдайда оны күртенің астына қосымша қабат ретінде пайдалануға болады", - деді ол.

Маршрутты қалай таңдау керек?

Тимур Артюхиннің айтуынша, жаңадан бастағандарға күрделі әрі аз белгілі бағыттардан бастауға болмайды.

"Егер адам тауға алғаш рет шықса, адамдар жиі жүретін танымал бағыттарды таңдағаны дұрыс: Көк-Жайлау, Медеу", - деп түсіндірді ол.

Сарапшы қар жауғаннан кейін ұзақ таулы жорықтарға шығу қауіпті екенін де атап өтті. Сондай-ақ маршрутты алдын ала зерттеп, төмен түсу уақытын түске дейін бастайтындай етіп жоспарлауға кеңес береді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная