“Мен ұшақтан қорқамын“. Психолог ұшу алдындағы үрейді қалай жеңуге болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Ұшудан қорқу — ең кең таралған қорқыныштардың бірі: адамдардың 40 пайызына жуығы ұшаққа мінер алдында қобалжитынын мойындайды. Әлеуметтік желілерде авиациялық оқиғалар туралы хабарламалар жиілеген сайын, алаңдаушылық та күшейе түседі, бірақ авиация әлі де ең қауіпсіз көлік түрі болып қала береді. Неге адамдар ұшудан қорқады және оны өзгертуге бола ма? Бұл туралы Tengri Travel South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұшудан қорқу — ең кең таралған қорқыныштардың бірі: адамдардың 40 пайызына жуығы ұшаққа мінер алдында қобалжитынын мойындайды. Әлеуметтік желілерде авиациялық оқиғалар туралы хабарламалар жиілеген сайын, алаңдаушылық та күшейе түседі, бірақ авиация әлі де ең қауіпсіз көлік түрі болып қала береді. Неге адамдар ұшудан қорқады және оны өзгертуге бола ма? Бұл туралы Tengri Travel South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Неге қорқынышты?

Массачусетс технологиялық институтының статистикасы 1960 жылдардан бері ұшу қауіпсіз бола түскенін дәлелдесе де, біздің миымыз көбіне бұл сандарды елемейді. Клиникалық психолог Кайли Ченнің айтуынша, аэрофобия көбіне нақты қауіппен емес, ішкі психологиялық ұстанымдармен байланысты.

Реклама
Реклама

"Аэрофобиядан зардап шегетін адамдар көбіне түп санадағы бақылау қажеттілігіне байланысты қиындық көреді. Мақсатшыл әрі табысты мамандарды 10 мың метр биіктікте металл құбыр ішінде отырып, нәтижеге ешқандай бақылау жасай алмау өте алаңдатуы мүмкін", - деді ол.

Маманның айтуынша, ұшудан қорқу көбіне тереңірек психологиялық жағдайлармен байланысты:

  • мазасыздық;
  • эмоцияларды өткеру қиындығы;
  • перфекционизм;
  • бәрін бақылауға деген қажеттілік.

Негізінде ұшақ себеп емес, триггер ғана. Отбасылық фактор да бар: балалар көбіне ата-анасының мазасыздығын қабылдайды. Егер ересектер ұшудан қорықса, бұл балада да қалыптасуы мүмкін.

Фото: Pexels.com

Тағы бір фактор — медиа. Апат пен техникалық ақау туралы резонансты жаңалықтар сирек болса да, қорқынышты күшейтеді.

"Мен авиафобияның жаңа жағдайларын байқап жүрмін және бірнеше айқын триггер бар. Әлемде ұзақ уақыт бойы ірі әуе апаттары өте аз болды, сондықтан соңғы жаңалықтар жасырын мазасыздықты айтарлықтай күшейтуі мүмкін", - деді психолог.

Ұшу қорқынышын қалай жеңуге болады?

Егер қорқыныш өмір сүруге кедергі келтірсе, психологтар оны жай ғана көтере бермей, терапияға жүгінуге кеңес береді. Статистика бойынша, пациенттердің 75 пайызы ем курсынан кейін қорықпай ұшады.

"Мен когнитивті-мінез-құлықтық терапияны, экспозициялық терапияны және көз қозғалысы арқылы десенсибилизация мен қайта өңдеуді біріктіріп қолданамын, бұл қорқынышпен байланысты терең естеліктерді өңдеуге көмектеседі", - деді психолог.

Әдетте бұл бірнеше ай уақыт алады — орта есеппен 8–12 сеанс. Негізгі мақсат — қорқынышты толық жою емес, оны басқаруды үйреніп, қауіпсіздік сезімін қайта қалыптастыру.

Фото: Pexels.com

Саяхатшылар кеңесі

Үреймен күресу тәсілдерін жиі ұшатын адамдар да бөлісті. Кәсіпкер Кэти Форстер қатты турбуленттіліктен кейін ауыр аэрофобияға тап болған. Жұмысы іссапарға жиі шығуды талап еткендіктен, ол өз стратегиясын қалыптастырған. Біріншіден, мүмкіндігінше тікелей рейстерді таңдайды. Сондай-ақ барынша шаршаған күйде ұшуға тырысады.

"Рейстер неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы. Мен әрқашан түнгі ұшуды таңдаймын", - деді ол.

Ол мамандардың бақылауымен дәрі-дәрмек те қолданған.

"Дәрілердің арқасында мен ұйықтай алсам, жартылай ұйқылы күйде турбуленттілікті сезсем де, көбіне ұйқылы күйде қала аламын немесе ұйқы циклінен толық шығып кетпеймін", - деді әйел.

Үрейдің артуына қарамастан, сарапшылардың пікірі ортақ: ұшудан қорқу кең таралған, бірақ жеңуге болатын жағдай. Қазіргі терапия әдістері мен қарапайым өзін-өзі қолдау тәжірибелері мазасыздық деңгейін айтарлықтай төмендетіп, тіпті биіктікте де бақылау сезімін қайтаруға мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама