Еуропаға саяхат барған сайын танымал болып, бағасы да қымбаттап барады. Соған қарамастан, қонақүйге бронь қою кезінде бірнеше қадам арқылы қаржыңызды үнемдеуге болады. Туризм саласының мамандары қарапайым тәсілді түсіндірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Express дерегіне сүйеніп.
Webpop Design студиясы мамандарының зерттеуіне сәйкес, қонақүйді таңдауға кіріспес бұрын браузердің cookie және кэш файлдарын тазалау немесе "инкогнито" режимін қосу ұсынылады. Бұл әдіс нақты ұсыныстарды көрсетуге мүмкіндік береді.
Қонақүй бағасы неге төмендеуі мүмкін
Бағаның төмендеу себебі — брондау сайттардағы динамикалық баға қалыптастыру жүйесімен байланысты. Егер жүйе белгілі бір күндерге немесе отельдерге қызығушылық танытқаныңызды байқаса, бағаны автоматты түрде көтеріп жібереді.
Мамандардың айтуынша, кэш пен cookie файлдарын тазалау арқылы өзіңіздің іздеу тарихыңызды тазартасыз, ал нақты, яғни сұраныс әсер етпеген бағаларды көрсетуге мүмкіндік береді.
Қай күндері қонақүйді брондау тиімді
Аналитиктер мәліметінше, қонақүй бағасы ең арзан болатын күн — сейсенбі. Себебі демалыс күндерінен кейін сұраныс азайып, бос нөмірлер көбейеді. Осы уақытта брондау сайттары қонақүйлердегі бос орындарды тезірек толтыруға тырысады.
Сонымен қатар, демалыс уақытына келер болсақ, жексенбіден бейсенбіге дейінгі аралықта тұру құны әдетте арзанырақ болады. Сарапшылардың айтуынша, бұл күндері сұраныс төмен, сондықтан қонақүйлер бағаны жиі түсіреді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!