2025 жылдың 1 қазанынан бастап Тайваньға келген шетелдіктер шекарада қағаз карточкаларды толтырмайды. Оның орнына электрон сауалнама Taiwan Arrival Card (TWAC) енгізіледі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Ұлттық иммиграция агенттігі (NIA) мәліметіше, жаңа тәртіп саяхатшылардың ыңғайлығы және бақылаудан өтуді жеделдету үшін жасалған.
"Анкетаны алдын ала онлайн толтыру қажет. Онысыз паспорттық бақылаудан өту мүмкін болмайды", - дейді ведомство өкілдері.
Анкетаны қалай толтыруға болады?
TWAC формасы тегін және twac.immigration.gov.tw ресми сайтында қолжетімді. Оны сапарға шықпай тұрып үш күн бұрын толтыруға болады. Сауалнама жіберілгеннен кейін поштаға растайтын хат келеді, бірақ оны шекарада көрсету қажет емес — офицер паспортты сканерлегенде деректер автоматты түрде шығады.
Сервис қытай және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді, сонымен қатар жеті тілде нұсқаулықтар бар: жапон, корей, тай, вьетнам және индонезия тілдері. Уақыт үнемдеу үшін паспорт бетінің фотосын жүктеуге болады — жүйе жеке деректерді өзі толтырады. Отбасылар мен топтарға арналған ұжымдық өтінім бар: бір адам бірден 16 саяхатшыға анкета толтыра алады.
Кімдер анкета толтыруға міндетті
- виза немесе визасыз кіретін шетелдіктерге;
- Гонконг пен Макао тұрғындарына көп мәртелік рұқсатпен;
- құрлықтық Қытай азаматтарына көп мәртелік туристік рұқсатпен;
- Тайваньда тіркеуі немесе резиденттік картасы жоқтарға.
Әуежайлар мен теңіз порттарында анкетаға сілтемесі бар QR-кодтар орнатылады. Форманы тікелей ұшар алдында немесе келген соң да толтыруға болады, бірақ NIA уақыт үнемдеу және кідірістерден қашу үшін алдын ала толтыруды ұсынады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!