10 қазан 2017 12:43

30 мың жыл бұрын Ресейде өмір сүрген адамдардың бет-бейнесі жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ресейлік ғалымдар жер бетінде 30 мың жыл бұрын өмір сүрген Homo sapiens-тердің бет-бейнесін жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.  


Ресейлік ғалымдар жер бетінде 30 мың жыл бұрын өмір сүрген Homo sapiens-тердің бет-бейнесін жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.  

Ресей ғылым академиясының Этнология және антропология институтының ғалымдары "Nauka 0+" Бүкілресейлік ғылым фестивалі" және Visual Science студиясының қолдауымен Сунгирь қонысынан табылған адамдардың бет-бейнесін визуалды түрде қалыпқа келтірді. 

Сунгирь - қазіргі адамдардың алғашқы легінің барынша солтүстікке қарай орналасқан мекені. Мұнда мекен еткен адамдардан қазіргі шығыс және солтүстік еуропалықтар тараған деген болжам бар. Енді сунгирьліктерді 3D VR-анимация арқылы "тірідей" көруге болады. Визуализация 10 және 13 жастағы балалардың бассүйегінің негізінде жасалған. Олардың бет-бейнесін қалыпқа келтіруге заманауи технологиялар қолданылды. 

Владимирь облысындағы Сунгирь тұрағындағы археологиялық жұмыстар 1956 жылы басталған. Мамандардың пікірінше, Сунгирь маусымдық аңшылық лагерь болған. 

Қазба жұмыстары кезінде бұл мекеннен 80 мыңнан астам мәдениет пен тұрмыс заттары табылған. Олар негізінен мамонт сүйегі, тас пен түлкінің тістерінен жасалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети