09 қараша 2016 17:41

National Geographic толық тұтылған күннің табиғи түстегі суреттерін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ©

"National Geographic" қоғамы мен Ұлттық cтандарттар бюросының қолдауымен 1936 жылдың 19 маусымында Кеңес Одағының азиялық бөлігінен күннің тұтылу сәтін түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі National Geographic басылымына сілтеме жасап. Соның нәтижесінде "National Geographic" журналы тұңғыш рет толық тұтылған күннің табиғи түстегі суреттерін алғашқы болып журнал бетіне жариялады.


"National Geographic" қоғамы мен Ұлттық cтандарттар бюросының қолдауымен 1936 жылдың 19 маусымында Кеңес Одағының азиялық бөлігінен күннің тұтылу сәтін түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі National Geographic басылымына сілтеме жасап. Соның нәтижесінде "National Geographic" журналы тұңғыш рет толық тұтылған күннің табиғи түстегі суреттерін алғашқы болып журнал бетіне жариялады.

"National Geographic" қоғамы мен Ұлттық Стандарттар Бюросы ұйымдастырған күннің тұтылуын бақылау экспедициясының жетекшісі Ирвин Гарднердің айтуынша, бақылау аймағы екі жыл бұрын зерттеуге алынған. "КСРО өкіметі түсіністік танытып, күннің тұтылуын бақылау экспедициясының табан тіреуі мүмкін деген жерлердің артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеуге өз рұқсатын берді. Осының арқасында шет ел астрономдары Кеңес аумағындағы әр түрлі өңірлердің қайсысынан күннің толық тұтылуын анық бақылауға болатынын саралап шығуға мүмкіндік алды", - деді Ирвин Гарднер.


Доктор Лиман Бригс пен мақала авторы алып камераны тексеріп жатыр.

Айта кетейік, бұл суреттерде басты назарға алынғаны - күн көзінің ашық болу ықтималдығы, температура, шаңдауыт боран мен құрал-жабдықтарды теңселтуі мүмкін күшті желдің болмауы, тіршілік етуге қолайлылығы сияқты факторлар. Ал бақылау нүктесі ретінд Ақбұлақ ауылы алынған. 


Тұңғыш рет түрлі-түсті суретке түсірілген күн тұту құбылысы

Cондай-ақ, басылымның мәліметінше, күннің тұтылу сәтін суретке түсіріп алу мақсатында ауылдағы вагондарды бас штаб етіп құрған. "Бірақ бақылау құрылғысын ежелгі мазар жатқан төбе басына апарып орналастырдық. Төбе - бақылау аймағы орталығынан таяқ тастам жерде ғана. Күннің толық тұтылуы кезінде Ай күннен тіке келетін жарықты тосып қалады да, қараңғы көк күмбезінен күн тәжі жарқырап шыға келеді. Оны әдетте жай көзбен де көруге болады", - деп түсіндірді экспедициясының жетекшісі. 

Сонымен қатар, күннің тұтылуын бақылау экспедициясының жетекшісі Ирвин Гарднер суретке түсіру үшін диаметрі 22 сантиметрдей болатын арнайы жетілдірілген линзасы бар, фокус аралығы 5,8 метр болатын камераны пайдаланғандарын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети