13 мамыр 2015 14:19

АҚШ-та қазақстандық ғалым құстан динозавр өсіріп шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube видеоролигіндегі кадрдан YouTube видеоролигіндегі кадрдан

АҚШ-тағы Гарвард генетикалық зертханасының басшысы қазақстандық ғалым Архат Әбжанов әріптесі Бхарт-Анджан Бхуллармен бірге тұмсығы динозаврдікіндей тауық ұрығын жасады, - деп хабарлайды Lenta.ru.


АҚШ-тағы Гарвард генетикалық зертханасының басшысы қазақстандық ғалым Архат Әбжанов әріптесі Бхарт-Анджан Бхуллармен бірге тұмсығы динозаврдікіндей тауық ұрығын жасады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Ғалым бауырмен жорғалаушылардың тұмсығының бетке айналуы молекулярлық деңгейде қалай жүретінін көргісі келген. Оның тұмсығы жақ сүйегінен пайда болатыны белгілі болды. 

Биологтар бауырмен жорғалаушы мен құстың ұрығының дамуын зерттеді. Олар дамып келе жатқан ақуызды езіп тастап отырды. Нәтижесінде кейбір құстардың жақ сүйектері қосылған күйі қала берді, кейбіреуінікі қысқарып, бөлек өсті. Бас сүйектерінің цифрлық моделі олардың қарапайым балапанға қарағанда динозаврға көбірек ұқсайтынын көрсетті. Дегенмен, университет қызметкерлері мутант-ұрық өмірге келмес бұрын оны жойып жіберген. Оларлың анатомияларындағы өзгерістер соңғы күнге дейін бақыланды.

Қазақстандық ғалым тұмсықтардың генетикалық базасын идентификациялауға әлі ерте екенін айтты. Палеонтолог Джек Хорнер құстан динозавр алу жобасында Әбжанов пен Бхуллардың жұмысын қолданған. Хорнер құстардың тұмсықтарын жойып жіберу мүмкін екенін, бірақ ол тәжірибе жүзінде әлі нәтиже бермегенін айтты.

Айта кетейік, осыған дейін Архат Әбжанов крокодилдің басынан балапанның жұмыртқасымен эмбрион алған болатын.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети