15 қыркүйек 2015 09:30

Алдағы екі жылда Жер ғаламшарында күтпеген өзгерістер болады - метеорологтар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Ұлыбританиялық метеорологиялық қызмет алдағы екі жыл ғаламшар үшін өте ыстық болады деп болжап отыр, - деп хабарлайды BBC Русская служба. Мамандардың пікірінше, атмосфераға тасталып жатқан қалдықтар жылу эффектісіне әкеледі, ал мұның салдарынан ғаламшарлар жүйесінде үлкен өзгеріс болады.

Биыл орташа температура тұрақты көрсеткіштен Цельсий шкаласы бойынша 0,68 градусқа жоғары болды. Ғалымдар Тынық мұхитындағы температуралық ауытқу ғаламшардағы ауа райына едәуір әсер ететінін айтты. Дегенмен Еуропада бұл өзгеріс жаздың кезінде күннің салқындауына әкелуі мүмкін.

Ұлыбританиялық метеорологиялық орталықтың басшысы Стивен Белчер егер келесі жылы да температура ауытқыса, ғаламшардағы климаттың өзгеріп жатқанына анық сенуге болатынын айтты. Ғалымдар атмосферада көмірқышқыл газының көбеюі үлкен зиян әкеледі деп болжады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети