02 тамыз 2017 14:57

Алматы облысының колледжерінде жаңа мамандықтар ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының колледжерінде бүгінгі еңбек нарығында сұранысқа ие бірқатар мамандықтар ашылды. Онда 4500 адам жұмысшы мамандықтары бойынша тегін оқиды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының колледжерінде бүгінгі еңбек нарығында сұранысқа ие бірқатар мамандықтар ашылды. Онда 4500 адам жұмысшы мамандықтары бойынша тегін оқиды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа оқу жылында оқуға қабылданатын үміткерлер тізімін жергілікті жерлерде арнайы құрылған мобильдік топтар анықтауда. Бүгінгі күнге жұмысшы мамандықтарды дайындау бойынша 43 мамандықтың тізбесі әзірленген.

Алматы облыстық білім басқармасының берген мәліметіне сүйенер болсақ, өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру колледждеріне биылғы жаңа оқу жылында жалпы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде облыстық бюджет есебінен 5600-ден астам адам қабылдау жоспарланған. Соның 4500-ге жуығы жұмысшы мамандықтар бойынша оқытылады. Колледждерде техникалық және технологиялық, ауыл шаруашылығы, құрылыс, қызмет көрсету салалары бойынша және басқа да бағытта мамандар даярланбақ.

Ерекше айта кететін басты жаңалық - жаңа мамандықтардың ашылуы. Облыстағы бірнеше колледже газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесары, вагондарды құраушы слесарь, ашыту процесінің операторы, сызушы, көкөніс тұздаушы, қаймағы алынбаған және ашымалы сүт өнімдерін жасау шебері және басқа да мамандықтар бар. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 90, 2 миллион теңге бөлінген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети